24 ақпаннан бері украин жерінде қаза тапқан оккупанттар саны 71 820 (+620) адамға жетті
Украина қарулы күштерінің бөлімшелері 950 ресейлік басқыншыны жойып жіберді. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.
Осылайша 24 ақпаннан бері украин жерінде бақилыққа аттанған оккупанттар саны 71 820 (+620) адамға жетті.
Бас штабтың мәліметіне қарағанда, тәулік ішінде тағы 13 танк, 16 артиллерия, 3 РСЗО, 52 жауынгерлік бронды машина, 3 ПВО қаруы, 1 ұшақ, 6 БПЛА, 1 қанатты зымыран, 13 автомобиль, 2 арнайы техника, 13 автоцистерна жойылған.
Ресей әскері Донецк және Лиман бағытында көбірек шығынға ұшырады.
Еске сала кетсек, қазір Херсон жерінде кескілескен шайқас болып жатыр. РФ әскерлері Днепрдің сол жағалауына қарай ығысты.
УНИАН ресейлік мародерлердің өздері ұрлаған заттарын қапқа салып, арқалап қашып бара жатқандарын жариялады. Видеода РФ армиясы формасын киген 6 оккупанттың арқаларына артып алған қаптарымен өз позицияларына кетіп бара жатқаны көрінеді.