×

Астанада студенттер де автобуспен тегін жүре алатын болды

Бұған дейін қоғамдық көлікпен тек кәмелеттік жасқа толмаған балалар ғана тегін жүрген

 Еркеғали Болатұлы 01.11.2022 | 10:25
фото: ашық дереккөз

Бұдан былай әлеуметтік осал топтағы 18 жасқа толған балалар да қоғамдық көлікпен тегін жүруі мүмкін. Енді олардың да көлік картасы мемлекет есебінен толтырылады.

Нақты айтқанда Астанада автобустарда тегін жол жүруге құқығы бар тұрғындардың тізімі өзгерді. Мәслихаттың бұл шешімі тек жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын білім мекемелерінің күндізгі бөлімінде оқитын студенттерге қатысты шығарылып отыр.

Жеңілдікті ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар балалар мен табысы бір адамға шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасының балалары ала алады.

Еске сала кетсек, бұған дейін қоғамдық көлікпен тек кәмелеттік жасқа толмаған балалар ғана тегін жүрген болатын.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама