Halyq Uni логотип
×

Павлодар облысында жүргізуші өз көлігінің астында қалып қойды (ВИДЕО)

Медициналық сараптама тағайындалды

 Динара Амантай 01.11.2022 | 09:47
Павлодар облысында жүргізуші өз көлігінің астында қалып қойды (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Павлодар облысында жүргізушіні КамАЗ басып кетті деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қайғылы оқиға кеше сағат 11.20 шамасында Ақсу қаласының жанармай құю станцияларының бірінің аумағында болған.

КамАЗ 5410 автокөлігінің 41 жастағы жүргізушісі көліктің қозғалтқышын іске қосуға тырысып, машинаның астында болған. Қозғалтқыш іске қосылған сәтте көлік орнынан қозғалып, жүргізушіні басып кеткен. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты, – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған дерекке қатысты медициналық сараптама тағайындалды. Тексеру жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама