×

G-Park компаниясына қатысты әкімшілік іс қозғалды

Жақында аталған компания басшысы көпбалалы аналармен жанжалдасқан еді

 Халық үні 25.02.2022 | 10:00
фото: ашық дереккөзден

Елордалық монополияға қарсы департамент ақпарат ұсынбағаны үшін G-Park-қа қатысты әкімшілік іс қозғады.

2022 жылғы 24 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласы бойынша монополияға қарсы департамент «G-Park» ЖШС-ға қатысты мәліметті белгіленген мерзімде ұсынбағаны үшін әкімшілік іс қозғап, жаза қолдану туралы қаулы шығарды.

Бұған дейін, астаналық монополияға қарсы департамент қалада бастапқы тұрғын үйді сату бойынша тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне жүргізілген талдау шеңберінде, нарық субъектілерінің атына қажетті деректі ұсыну туралы сұрау жіберген. Алайда G-Park мағлұматты белгіленген мерзімде ұсынбауына байланысты, кәсіпорынға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 162-бабы бойынша әкімшілік іс ашылды. Ол орта кәсіпкерлік субъектісі болғандықтан, айыппұл сомасы 1,1 млн теңгені (360 АЕК) құрады, – дейді Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі.

G-Park белгіленген мерзімде айыппұл төлемегендіктен бас қаланың монополияға қарсы департаменті әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығарды. Айыппұл төленбеген жағдайда іс сот орындаушысына мәжбүрлеп орындату үшін жіберіледі. Бұл ретте, кәсіпорын монополияға қарсы департаменттің сұрау салуы бойынша ақпарат ұсынудан босатылмайды.

Бұған дейін көпбалалы аналармен жанжалдасқан G-Park басшысы қайырымдылық жасауды тоқтататынын мәлімдеген болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Алматы мәслихатына сайланған депутаттардың аты-жөні белгілі болды

Қала бойынша Amanat партиясы 51,94% дауыс жинады
24.03.2023 | 17:05

Ресей мен Беларусь хоккейден 2024 жылғы әлем чемпионатына жіберілмеді

Ұйым басшылығы спортшыларды жарыстарға қатыстырудың өзі қауіпсіздікке залал келтіреді деп санайды
24.03.2023 | 16:53

Атырауда трамадолды шамадан тыс қолданған спортшы суицид жасады (ВИДЕО)

Бұл препарат Украина, Ресей, Өзбекстан, Беларусь мемлекеттерінде есірткілердің тізіміне енгізілген
24.03.2023 | 16:32

Роналду жаңа рекорд жасады

Португалияның футболшысы ресми матчтарда 100 гол салды
24.03.2023 | 16:23