ШҚО-да ер адам 360 келіден аса шаянды заңсыз тасымалдаған
Оның көлігінде 6320-ға жуық тірі шаян болған
Шығыс Қазақстан обылсында 360 келіден аса шаянды заңсыз тасымалдаған ер адам ұсталды деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
«Браконьер» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында ШҚО Құйған ауылдық округіне қарасты Қызыл ту өткелінде тексеру жіргізілді. Нәтижесінде Күршім ауданының ЖПҚБ ППТ қызметкерлері 34 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы автокөлікті тоқтатқан. Оның рұқсат құжаттарынсыз шаяндарды тасымалдағаны анықталды. Көлікте салмағы 364 келіден асатын 6320-ға жуық тірі шаян бар екені белгілі болды.
Күршім ауданының инспекциясы залал сомасы шамамен 2 млн теңгені құрайтынын хабарлады.
Сотқа дейінгі тергеу барысында көлік жүргізушісі шаяндарды келісім жасалған кезде бетперде киген, бұрын танымайтын бес ер адамнан сатып алғанын айтқан. Кейін тауарды күйеу баласының ГАЗель көлігіне тиеп, Өскеменге бет алған. Жолда оны тәртіп сақшылары ұстаған. Қаскөйге қатысты ҚР ҚК-нің 335-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды, – деді ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Думан Қожахметов.
Еске сала кетсек, «Браконьер» ЖПІШ 19 қарашаға дейін жалғасады.