Жетісу облысында жол апатынан 1 адам қаза тапты

Динара Амантай

Екі жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды

Фото: polisia.kz

Жетісу облысында жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан бір адам қаза тапты деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, қайғылы оқиға қазанның 30-нан 31-іне қараған түні Калпе ауылының маңында Mazda Cronos автокөлігінің кесірінен болған. Көлікті 31 жастағы ер адам басқарған. Ол Тельман-Калпе автожолының 8-шақырымында көлікті аударып алған. Жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Екі жолаушы түрлі жарақаттармен Үштөбе қаласындағы ауруханаға жатқызылды.

Аталған дерекке байланысты тергеу жүргізіліп жатыр.