Елде жыл сайын 110 мыңнан аса адам жүрек-қан тамырлары аурулары, қатерлі ісік пен қант диабетінен көз жұмады
Қазақстанда тұрғындардың басым бөлігі жұқпалы емес аурулардан қайтыс болады деп хабарлады The Lancet басылымы.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, жұқпалы емес ауруларға өлімнің жалпы санының 87%-ы келеді. Оның 47%-ы – жүрек-қан тамырлары аурулары, 17%-ы – қатерлі ісік, 7%-ы – созылмалы респираторлық аурулар, 2%-ы – қант диабеті, 13%-ы – басқа жұқпалы емес аурулар.
Елдегі алкогольді жалпы тұтыну көрсеткіші – бір адамға 5 литр, ал ересектер арасында темекіні тұтыну көрсеткіші – 24%.
Қазақстандықтардың 21%-ы семіздікке шалдыққан. 18 жастан асқан ересектер арасында физикалық белсенділіктің болмауы – 28%.
Бұл жағдай адамдардың денсаулығына ғана емес, мемлекеттің экономикалық өсуі мен дамуына да үлкен қауіп төндіреді, - деді «Денсаулық» адам денсаулығына қауіп факторларының зиянын азайту жөніндегі ұлттық қауымдастығы» ЗТБ басшысы Бақыт Түменова.
Оның пікірінше, аталған аурулардың басым бөлігі адамның өз таңдауы болып саналады. Ішімдікке әуестену, темекі тарту, дұрыс тамақтанбау және көп қозғалмау, жағымсыз әдеттер аурудың туындауына себеп болады.