×

СҚО-да алимент төлеуден жалтарған сегіз адамға қылмыстық іс қозғалды

Өңірде жеті мыңға жуық адам алимент төлейді

 Самат Жақып 31.10.2022 | 09:15
Фото: Владислав Воднев

Солтүстік Қазақстан облысында алимент төлеуден жалтарған сегіз адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тағы 107 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Облыстық прокуратура өкілдерінінің мәліметінше, аймақта 9 870 бала және  12 қарт ата-ана алимент алуға тиіс. Дегенмен олардың кейбірі бұл қаражатты бірнеше жылдан бері ала алмай отыр. Қазір аймақта азаматтардың алимент бойынша қарызы 191 миллион теңгеден асқан.

«Біздің өңірде алимент төлейтін 6 986 адам бар. Қазір оның 126-сы балаларына мүлде қаржы аудармайды. Сондықтан жағдайды реттеу үшін біз ведомствоаралық кеңесте оларды жұмысқа орналастыру жөніндегі мәселені кеңінен талқыладық. Полиция қызметкерлері мен сот орындаушылары арасында өзара әрекет болмаған соң, қылмыстық істерді тергеу бойынша арнайы әдістеме дайындадық. Оны енді осы ведомствоның мамандарына жібереміз»,- дейді СҚО прокурорының бірінші орынбасары Әбу-Әли Саттар.

Прокурордың айтуынша, 2021 жылы Солтүстік Қазақстан облысында алимент бойынша берешек бір миллиард теңгеге жуықтаған. Биыл қарыз бірнеше есеге қысқарған.

Мысалы, кейінгі 9 айда алимент төлеуден жалтарған 8 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. 18 қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 107 борышкерге әкімшілік іс қозғалып, 68-і қамауға алынды, оның ішінде 39 адамға айыппұл салынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама