×

Шымкентте «Ақтөбе», «Ордабасы» ФК жанкүйерлері жанжалдасып қалды (ВИДЕО)

Олар әл-Фараби ауданының полиция басқармасына жеткізілген

 Еркеғали Болатұлы 30.10.2022 | 16:46
фото: видеодан скриншот

ІІМ өкілі Шымкентте видеоға түсіп қалған футбол жанкүйерлері арасындағы жанжалға қатысты пікір білдірді.

«29 қазанда сағат 17:30-да 102 нөміріне Шымкент тұрғынынан Тәуке хан даңғылы мен А. Байтұрсынов көшесі қиылысында жастардың жиналып жатқаны туралы хабарлама түсті.

А. Байтұрсынов көшесінде Ақтөбенің шамамен 50 шақты тұрғынының («Ақтөбе» футбол командасының жанкүйерлері) 10 шақты Шымкент тұрғынын («Ордабасы» футбол командасының жанкүйерлері) қарсы алғаны анықталды. Олардың арасында жанжал болып, оны полицейлер тоқтатты, - делінген хабарламада.

Оқиғаға қатысы барлар әл-Фараби ауданының полиция басқармасына жеткізілген.

«Сауалнамаға қатысқан адамдар төбелес дерегін жоққа шығарды. Бір-біріне шағымдары жоқ. Бөлімшеге жеткізілгендерге қатысты профилактикалық әңгіме жүргізілді», - деп мәлімдеді ведомство өкілі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама