Halyq Uni логотип
×

Еуроодақ ертеңнен бастап қысқы уақытқа көшеді

Қазір Еуропада үш түрлі сағат белдеуі бар: батыс, орталық және шығыс

 Ербол Тұрымбет 29.10.2022 | 14:52
Еуроодақ ертеңнен бастап қысқы уақытқа көшеді
Фото: ашық дереккөз

Дәстүр бойынша қазан айының соңғы демалыс күндері Еуропа елдері қысқы уақытқа көшеді. Яғни, ертең таң алдында сағат 04:00-де ұйым құрамындағы елдер сағат тілін бір сағат артқа жылжытады.

Қазір Еуропада үш түрлі сағат белдеуі бар: батыс, орталық және шығыс.

Ал жазғы уақытқа наурыздың соңғы жексенбісінде, таңғы сағат 03:00-де көшеді. Демек, ол күн 2023 жылдың 26-наурызына келеді.

Еуроодақпен бірге Израиль, Иран, Австралия, Мексика мен Ұлыбритания, АҚШ және Канада қысқы уақыт тәртібімен бір сағат кейін жылжиды.

Ал Еуроодаққа жақын орналасқан кей елдер, атап айтқанда, Исландия, Ресей, Беларусь пен Түркия мұндай уақыт тәртібіне өтпейді. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама