Halyq Uni логотип
×

Астана тұрғыны қайырымдылық жәшігін ұрлап кетті

Бұндай қылмысқа 50 жасқа таяған ер адам барған

 Халық үні 24.02.2022 | 15:59
Астана тұрғыны қайырымдылық жәшігін ұрлап кетті
фото: ашық дереккөзден

Елорда тұрғыны қайырымдылық жәшігін ұрлап кетті.

Күндіз күдікті Ш.Айтматов көшесіндегі минимаркетке кіріп, қайырымдылыққа арналған жәшікке көзі түскен. Оны ешкім бақылап тұрмағанын пайдаланып, ақша салынған қорапты алып кеткен, – дейді Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде тәртіп сақшылары 48 жастағы ер адамды ұстады. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, күдіктінің қалада бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр.  

«Полицейлер азаматтарға қырағы болуға, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға, шағын және орта бизнес нысандарын бейнебақылау камераларымен жабдықтауға, жұмыс орнын қараусыз қалдырмауға кеңес береді», – дейді сақшылар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама