×

Кәсіпкер мобилизациядан қашқан қазақтарға миллион теңгеден бермек

Жұмысқа тұруына да көмектеспек

 Ербол Тұрымбет 29.10.2022 | 10:42
Фото: facebook.com

Кәсіпкер Дәурен Қаупынбаев Ресейдегі ішінара мобилизациядан қашқан ресейлік этникалық қазақтарға 100 млн теңге бөлетінін жариялады. Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында жазды.

Оның жазуынша, мобилизацияға түскендердің арасында шағын халықтарға қиын тиіп жатыр. Кей жерде тіпті, эшелондардың ішінде 70%-ына дейін қазақтар кеткен. Сондықтан оларды құтқаруға бекінген.

Сондықтан адамзатқа қарсы мобилизациядан қашуға талпынған алғашқы 100 қазақты материалдық тұрғыдан қолдау туралы шешімге келдім. Егер олар тарихи Отанына келсе, осында орналасуына деп әрқайсына миллион теңгеден берем. Одан бөлек, олардың жұмысқа орналасуына әрі тіршілікке араласып кетуіне көмектесеміз, – делінген жазбада.

Бұл қаражатын кәсіпкер жыл соңына дейін аударып бермек. Тек ол үшін осы ақшаны теңдей таратып беретін адамдар, блогерлер немесе қорлар болса болғаны. Сондай-ақ, осы шаруасына қолғабыс білдірушілерді де көмекке шақырып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама