Halyq Uni логотип
×

Заңгер, шам жасаушы: Қазақстандағы колледждерде 50 мамандық жойылды

Оның орнына жаңа мамандықтар қосылды

 Ербол Тұрымбет 25.11.2021 | 12:12
Заңгер, шам жасаушы: Қазақстандағы колледждерде 50 мамандық жойылды
көрнекі фото: Halyq Uni

Білім және ғылым министрлігі сұранысқа сай келмейтін 50 мамандық бойынша колледждерге қабылдауды тоқтатты.БҒМ техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) мамандықтары мен біліктіліктерінің жаңа сыныптауышын әзірлеп, бекітті. Колледждердегі мамандықтар қазіргі еңбек нарығының сұранысына сай келуі үшін жасалған.

Енді сұранысқа ие мамандықтар бойынша жаңа білім беру бағдарламалары енгізіліп жатыр. Мәселен, қазақстандық колледждерде сынама іріктеуші, шам жасаушы, гувернер, заңгер-консульт және тағы басқа мамандықтар бойынша қабылдау тоқтатылды.

Сондай-ақ жіктеушіден «Білім беру ұйымының зертханашысы», «Патенттану» және басқа да мамандықтар алынып тасталды.

Басты мақсатымыз – білім беру бағдарламалары мен оқытылатын мамандықтарды жұмыс берушілердің заманауи сұранысына сәйкестендіру. Талдау жұмыстарын жүргізіп, еңбек нарығына мониторинг жүргіздік. Жұмыс берушілермен және салалық қауымдастық өкілдерімен кездестік. Олардың ұсынысын ескеріп, мамандықтар жіктеуішісін жаңарттық, - деді ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің директоры Насымжан Оспанова.

Енді колледждерде «Робототехника және ендірілген жүйелер», «Наноматериалдар негізіндегі бұйымдар технологиясы», «Өндірістің аддитивті технологиялары», «Қашықтан басқарылатын авиациялық жүйе», «Ғимараттарды жобалау мен пайдаланудың автоматтандырылған жүйелері», «Жылыжай шаруашылығын ұйымдастыру», «Графикалық және мультимедиялық дизайн», «Тас өңдеу өндірісі», «Ландшафтық дизайн», «Жылжымайтын мүлікті басқару», «Дестинацияны басқару», «Құрылыстағы сметалық іс», «Еңбекті қорғау және технологиялық процестердің қауіпсіздігі» және басқа да жаңа мамандықтар оқытылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама