Halyq Uni логотип
×

Антикор туысының қылмысын жасырған шенеунікті ұстады

Полицияның экс-қызметкері жемқорлықпен айналысқан

 Дастан Жұмабекұлы 28.10.2022 | 16:56
Антикор туысының қылмысын жасырған шенеунікті ұстады
фото: ашық дереккөз

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттік органдардың лауазымды қызметкерлеріне қатысты бірқатар ауыр жемқорлық қылмыстар жасау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтағанын хабарлады.

Агенттікке лауазымды қызметкерлерді ұстау кезінде күдіктілердің бірімен туыстық қарым-қатынаста болған бұрынғы жедел полиция қызметкері А. Әкімбаевтың (теріс себептермен жұмыстан шығарылған, –  Антикор) тергеуге кедергі келтіріп, сыбайлас жемқорлықпен айналысқан айыпталушыларды айыптайтын заттай дәлелдемелерді жасырғаны белгілі болды. Осы заңсыз әрекеттердің кесірінен оның туысы ауыр жемқорлық қылмысты жасырып үлгерді. Ол тағылған айыптарды мойындады.

Осыған байланысты А. Әкімбаевтың кінәсі дәлелденді. Оның жемқорлықпен айналысып, ауыр қылмысты жасырып, сотқа дейінгі тергеп-тексеруге кедергі келтіріп, билік өкілдеріне күш көрсеткісі келгені анықталды.

А. Әкімбаев тергеу сотының санкциясымен қамауға алынды. Себебі оның іс-әрекеттері сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар басқа да адамдардың іс-әрекеттерімен тығыз байланысты.

Прокуратура қылмыстық-процестік кодекске сәйкес тергеуді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жолдады.

Қылмыстық-прцесстік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама