Рамзан Кадыров шешен жасағының бір адам қалмай жойылғанын айтты

Дастан Жұмабекұлы

23 сарбаз қаза тауып, 58-і ауыр жарақат алған

фото: ашық дереккөз

Шешенстан Республикасының президенті Рамзан Кадыров Украинадағы соғыста өз жасағының қырылып қалғанын мәлімдеді.

Ол Telegram-арнасында соғысқа аттанған 23 шешен әскерінен айырылып қалғанын, сондай-ақ жасақтың 58 адамы ауыр жарақат алғанын айтты.

Оның айтуынша, шешендердің  арнайы жасағы аптаның басынан бері артиллериялық атқылаудан зардап шеккен. Қазір құтқару операциялары аяқталды. Қаза тапқандардың тізімі жасалып, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желіде жарияланды.

Сонымен бірге Кадыров соғыста ажал құшқандардың отбасы мен туған-туыстарына көмек көрсетілетінін жеткізді.

Қаза тапқандарды жерлеуге 1 млн рубль береміз. Олардың отбасыларына Үкімет тарапынан 12 млн рубль беріледі. Жарақат алғандарға 3 млн рубльден тиеді. Тағы бір айтатын нәрсе, қара жамылған отбасыларды қасиетті Меккеге жібереміз, – деді ол.