Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық тергеу басталды
Талдықорған қаласының полициясы борышкерін аяусыз жазалаған ер адамды анықтады деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Талдықорған саяжайларының бірінің 46 жастағы тұрғыны ауыр жарақатпен ауруханаға түскен. Дәрігерлер науқасқа 15 қабырғаның сынуы мен басқа да дене жарақаттары диагнозын қойған.
Анықталғандай, жәбірленуші өзінің 27 жастағы танысынан 40 мың теңгеге жуық қарыз алған. Кезекті кездесуде қарызға байланысты ерлердің арасында жанжал басталып, арты төбелеске ұласқан.
Күдіктіні қалалық полиция қызметкерлері ұстады. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық тергеу басталды. Тергеу кезінде ұсталған адамға келуге міндетті процессуалдық мәжбүрлеу шарасы қолданылды.