×

Ақтөбеде моншадағы төбелестен екі адам көз жұмды (ВИДЕО)

Олардың денесі Елек өзенінің жағасынан табылды

 Дастан Жұмабекұлы 27.10.2022 | 17:41
фото: ашық дереккөз

Ақтөбедегі Елек өзені жағасынан екі адамның денесі табылды. Екеуінде де қинау белгілері бар.

Ақтөбе облысы прокурорының көмекшісі Өркен Ещановтың айтуынша, кеше сағат 20.14-те қалалық полиция бөлімі жедел басқару орталығына «Оазис» монша кешеніне қарама-қарсы беттегі Елек өзенінің жағасынан екі ер адамның денесі табылғаны туралы ақпарат түскен.

Осы мәліметті тексеру үшін оқиға орнына облыс прокуроры мен жедел тергеу тобы барған. Сол жерде ағаштар арасынан 1991 жылы туған А. Көшкімбаев пен 1995 жылы туған С. Төлеуовтің денесі табылды. Екеуін де қинап өлтіргенін дәлелдейтін белгі бар.

Осыған байланысты Алматы ауданы №3 қалалық полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-тармағы 2-бөлігі негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қылмыстық іс бойынша процесс прокуроры тағайындалды. Тергеу барысын облыс прокуроры бақылауға алды, –  деді Өркен Ещанов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама