×

Қамаудағы Жанболат Мамайға тағылған айып өзгертілді

Оған сот және жаза қаупі төніп тұр

 Еркеғали Болатұлы 27.10.2022 | 15:58
фото: ашық дереккөз

Саясаткер Жанболат Мамайдың әйелі Инга Иманбай оған тағылған айыптың өзгертілгенін мәлім етті.

24 қазанда Жанболаттан жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырған деген айып алынып тасталды. Қазір оның ісін ҚР Қылмыстық кодексінің 400-бабына («Заңсыз митинг ұйымдастыру») өзгертті және ол әлі де қамауда. Оған сот және жаза қаупі төніп тұр, - деді Инга Иманбай Адам құқығы жөніндегі Еуропарламент комитетінің отырысында.

Еске сала кетсек, Жанболат Мамай биылғы наурыздан бері қамауда отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама