×

Атырау полицейлері тасжолдарда жүргізушілерді дронмен аңдып жүр

Қарсы бетке шығатын автокөлік иелері әкімшілік жауапкершілікке тартыла бастады

 Еркеғали Болатұлы 27.10.2022 | 15:13
фото: ашық дереккөз

Атырау облысының полиция департаменті тас жолдардағы апатты азайту мақсатында дрондарды пайдалана бастады.

Өңірлік полиция департаментінің хабарлауынша, жыл басынан бері тас жолдарда жол-көлік оқиғасы жиілеп кеткен. Оған жүргізушілердің жылдамдық режимін сақтамауы және басып озу ережелерін бұзуы – басты себеп.

Осыған байланысты полиция департаменті басшылығының күнделікті қадағалауымен патрульдік полиция ротасының қызметкерлері республикалық маңызы бар тас жолдарда басып озуға тыйым салынған жерлерде қарсы бетке шығатын автокөліктерді заманауи дронмен анықтап, тиісті шара қолданып, әкімшілік жауапқа тартып жатыр,- деп мәлімдеді полиция департаменті.

Осыған орай облыстық полиция жүргізушілерге жол белгілеріне мұқият болып, қозғалыс ережелерін сақтауды сұрады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама