Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Маңғыстау облысында «Lada Xray» автокөлігі түйені қағып, салдарынан оқиға орнында екі адам қаза тапты деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға Бейнеу-Шетпе республикалық маңызы бар тасжолдың 93-шақырымында болған.
«Lada Xray» автокөлігі жол бойында екі түйені қаққан. Жол апаты салдарынан екі адам оқиға орнында қаза тапты, - делінген хабарламада.
Аталған дерек Бейнеу ауданы ПБ СДТБТ-де ҚР Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Тергеу мүддесіне сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді.