×

Мәйіттің ағзасы донорлыққа туыстарының рұқсатынсыз пайдаланылуы мүмкін

Науқастардың көпшілігі ағза ауыстыру оталарын шетелдерге барып жасатып жүр

 Еркеғали Болатұлы 27.10.2022 | 11:05
фото: ашық дереккөз

Қазір елімізде 5 мыңнан аса адам ағза ауыстыруға мұқтаж. Оның барлығы күту парағында тұр. Алайда тұрғындардың 73 пайызы мәйіт доноры болуға келіспейді екен. «Адам денесі өзімен бірге жерленуі керек» деген ұстанымда.

Көпшілік солай дегенмен, ағзаға сұраныс бәрібір жоғары. Ауыр дертпен күресіп жатқандар өмір сүргісі келеді. Сұраныс болғандықтан қазір әлеуметтік желіде өз ағзасын саудалайтындар да көп.

Қазақстанда 6 трансплантация орталығы, 40 донорлық стационар, 16 аймақтық трансплантация үйлестірушісі бар. Олар жыл сайын мәйіт донорына келісетін адам саны азайып жатыр дейді. Соған байланысты, науқастардың көпшілігі өздігінен қаражат табу арқылы ағза ауыстыру оталарын шетелдерге барып жасатып жүр.

Осы жағын ескерген Денсаулық сақтау министрлігі тиісті заңнамаға түзету енгізуді жоспарлап отыр. Енді мәйіттің денесін донорлыққа пайдалану үшін туыстарының рұқсаты қажет болмауы мүмкін. Бірақ ол үшін азамат тірі кезінде медициналық тексеруден өтуі керек. Сөйтіп eGov.kz порталындағы «Денсаулық сақтау» бөліміне кіріп, трансплантацияға келісім беруі шарт.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама