Halyq Uni логотип
×

Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының экс-басшысы 3 жылға сотталды

Сот отырысында ол кінәсін толық мойындады

 Динара Амантай 26.10.2022 | 16:08
Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының экс-басшысы 3 жылға сотталды
Фото: gov.kz

Ақтөбе қаласы Алматы ауданының бұрынғы әкімі Абат Көбенов қалалық әкімдіктің басшысы болып тұрған кезінде жасаған алаяқтығы үшін үш жылға сотталды деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыстық сот баспасөз қызметінің мәліметінше, сотпен айыпталушы Көбенов Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының басшысы бола тұра, қызметтік бабын пайдалана отырып, 2020 жылғы сәуір-тамыз айларында өзінің бұрынғы танысы Қ.-ны жер телімін алып беремін деген сылтауымен алдап, жалпы сомасы 1 383 915 теңге алғаны анықталған.

Сот отырысында сотталушы кінәсін толық мойындады. Сотталушының кінәсі жәбірленуші Қ.-ның жауабымен, Kaspi Gold ақша аударымдарымен расталды.

Сотталушының жазасын жеңілдететін мән-жайлары ретінде сот оның жасаған ісіне шынайы өкінуін, жас балаларының болуын және де қылмыстық құқық бұзушылықты ашуға белсенді түрде қатысқанын таныды. Ал жазасын ауырлататын мән-жайлары ретінде сот өзі қабылдаған антты бұзған адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасауын таныды.

Соттың шешімімен Көбенов кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік қызметте лауазымды міндет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама