×

Қоқысты көрінген жерге төккен 600-ден аса астаналық жүргізуші жауапқа тартылды

Жыл басынан бері 261 компания айыппұл арқалаған

 Еркеғали Болатұлы 26.10.2022 | 15:57
фото: ашық дереккөз

Биылғы 9 айда елордада абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін 3 451 адам жауапқа тартылған.

Қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, абаттандыру ережелерін бұзғандарға 35 млн теңгеден аса айыппұл салынған. Соның ішінде белгіленбеген орындарға қоқыс түсіргені үшін 542 жүргізуші және лас қалдықтарды төккені үшін 74 жүргізуші ұсталған.

Полицейлер құрылыс нысандарының басшыларына қалада абаттандыру ережелерін сақтау туралы үнемі түсіндіру жұмыстарын өткізеді. Алайда құрылыс компаниялары қоқыстың жолға шығарылуына жол береді, нысандардың аумағын тиісті жағдайда ұстамайды және құрылыс қоқыстарын «Эко полигонға» жеткізбейді, - делінген хабарламада.

Жыл басынан бері осындай заң бұзушылықтар үшін 261 компанияға жалпы сомасы 2 млн 281 мың теңге айыппұл салынған.

Қазір Астана қаласы бойынша экология департаментіне құрылыс ұйымдарына қатысты қалдықтарды төгуде экологиялық заңнаманың сақталуына, сондай-ақ 25 құрылыс ұйымы бойынша шаруашылық қызметті жүзеге асыру барысында экологиялық нормалардың сақталуына тексеру жүргізу үшін ақпарат жіберіліп отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама