×

Батыс Қазақстанда 19 жастағы наркокурьер қыз ұсталды

Одан көп мөлшерде есірткі тәркіленді

 Халық үні 24.02.2022 | 11:00

Полиция қызметкерлері құрамында есірткі бар препараттарды сатушының ізіне түсті. Тәркіленген заттардың мөлшері аса іріге жатады. Тергеу БҚО аумағына синтетикалық есірткілерді жеткізу арналарын анықтап жатыр.

Есірткіні заңсыз тарату фактісі бойынша 19 жастағы азаматша құрықталды. Тінту іс-шараларын жүргізу кезінде жалпы салмағы 4,37 грамм алты пакетке және жалпы салмағы 26,92 грамм 40 пакетке салынған заттар табылды. Сарапшы қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар синтетикалық есірткі – мефедрон болып саналады, – деді полиция.

Аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 297-бабының 1-бөлігі (есірткі заттарын заңсыз сатып алу, сақтау, өткізу мақсатында тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама