×

Қостанайда есірткінің ірі партиясы тәркіленді

Екі адам гашишпен және героинмен ұсталды

 Дастан Жұмабекұлы 26.10.2022 | 14:27
фото: polisia.kz

Қостанайдағы сауда үйлерінің бірінің көлік тұрағында қаланың 27 және 29 жастағы екі тұрғынынан есірткінің ірі партиясы тәркіленді.

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, күдіктілер есірткіні сату үшін сақтаған. Ол синтетикалық есірткі заты болып шықты. Салмағы –  496,6 грамм. Бұл аса ірі мөлшерлі есіртіге жатады. Күдіктілер оны одан әрі тарату мақсатында сақтаған. Оларға қатысты бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Жалпы, биыл қостанайлық полицейлер заңсыз айналымнан 178 келі 470 грамм түрлі есірткі затын тәркілеген. Оның ішінде 555 грамнан аса героин, 18 келі 399 грамм гашиш пен 1 келі 687 грамнан аса синтетикалық есірткі бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама