Тізімде Константин Затулин мен Маргарита Симоньян бар
Ресейлік пропагандистерге Арменияға кіруге тыйым салынды. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.
Армения билігі Russia today теларанасының бас редакторы Маргарита Симоньянға елге кіруге тыйым салды. Бұған дейін Мемлекеттік думаның депутаты Константин Затулинге тыйым салған.
Арменияның қазіргі басшылығы Константин Затулинге елге кіруге тыйым салды. Ол көп жылдан бері Арменияны қолдаған еді. Маған да Арменияға аяқ басуға рұқсат бермеді, – деді Симоньян.
Армения билігі Затулинге Әзербайжанмен болған 44 күндік соғыста армяндарды сынағаны үшін елге келуге тыйым салды деп мәлімдеді. Ал Симоньянға не себепті тыйым салғаны айтылмады.
Маргарита Симоньян – ресейлік журналист, медиа менеджер. 2005 жылдан бастап RT телеарнасының, 2013 жылдан бастап «Россия сегодня» халықаралық ақпарат агенттігінің және 2014 жылдан бастап «Sputnik» ақпарат агенттігінің бас редакторы.