Halyq Uni логотип
×

Елімізде автокөлік ұрлығы бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр

19 қылмыстық топ ұсталды

 Еркеғали Болатұлы 26.10.2022 | 11:18
Елімізде автокөлік ұрлығы бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр
фото: ашық дереккөз

Осы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанда 251 автокөлік ұрлығы тіркелді. Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметінше, бұл – бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 6 пайызға аз деп хабарлады energyprom.kz.

Еске сала кетсек, өткен жылдың осы кезеңінде елімізде 267 автокөлік ұрлығы тіркелген. Ал биыл қаңтар-қыркүйек аралығында 3,6 мың көлік ұрлығы тіркелсе, бір жыл бұрын 3,1 мың (жылдық өсім 13,9%) көлік ұрланған.

Өңірлік тұрғыда автокөлік ұрлығының басым бөлігі Алматы қаласында тіркеліп отыр. Ондағы көлік ұрлығына қатысты 57 оқиға – былтырғыдан 46,2% артық. «Көшбасшылар» үштігіне Қостанай (31 автокөлік ұрлығы, плюс бір жыл ішінде 19,2%) және Қарағанды (28 автокөлік ұрлығы, минус 24,3%) облыстары кірді.

Көлік ұрлығы ең аз тіркелген облыс – Солтүстік Қазақстан облысы: былтырғыдай 2 оқиға.

Атырау облысында да автокөлік ұрлығының айтарлықтай өскені белгілі болды. Былтырғы 2 оқиғамен салыстырғанда бір жылда 3 есе, яғни 6 фактіге дейін өскен. Ақтөбе облысында, керісінше, ұрлық саны 3 есеге жуық қысқарған. 2021 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 27 факті, ал биыл 10 жағдай тіркелген.

Қазақстанда көлік ұрылары негізінен жапондық көлік маркаларына басымдық береді екен. Жыл басынан бері 909 көлік ұрланса, оның 775-і, яғни 85,3 пайызы табылып, заңды иелеріне қайтарылған. Осы жайтқа қатысты 19 қылмыстық топ ұсталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама