Вице-министр: 21 қыркүйектен бері ЖСН алуға 200 мың өтінім түсті
Қазақстанда бизнес жүргізу үшін ЖСН алу керек
Биыл 21 қыркүйектен бері ЖСН алуға шетелдіктерден 200 мың өтінім түсті. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов айтты.
«Биыл 21 қыркүйектен бері (ЖСН алуға – автор) шамамен 200 мың өтінім түсті. Бұл – барлық шетелдіктен түскен өтініш. Алайда мен ЖСН-нің қанша адамға берілгені туралы сұраққа жауап бере алмаймын. Мұнда бизнес жүргізгісі келетін немесе жұмысқа орналасқысы келетін кез-келген шетелдік азамат банк шотын ашады. Ол ЖСН алуға міндетті», - деді Әсет Тұрысов Мәжіліс кулуарында.
Қазақстанда шетелдіктерге ЖСН мынадай жағдайларда қажет:
- банкте шот ашу қажет болса;
- шетел азаматы Қазақстанда орналасқан көздерден табыс алатын болса;
- салық салынатын мүлікті сатып алу кезінде, мысалы, автокөлік;
- Қазақстан резиденті - заңды тұлғаның басшысы немесе резидент емес - заңды тұлға филиалының басшысы болып тағайындалған кезде.
Шетел азаматтарына ЖСН алу үшін Қазақстанда болу міндетті емес. Оны сенімхат бойынша істеуге болады.