Ол қызметінен өз еркімен кетті
Мәжіліс депутаты Айбек Паяевтың өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Мәжіліс депутаты Айбек Паяев міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы өтініш берді. Осыған байланысты Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы сіздердің назарларыңызға Қазақстан Конституциясының 52-бабына, Қазақстан парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы Қазақстан Конституциялық заңының 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес Мәжіліс депутаты Айбек Паяевтың өтініш беруіне байланысты оның өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыным енгізілді, - деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов.
Дауыс беру нәтижесінде депутаттар тиісті қаулыны қабылдады.
Айта кетейік, Айбек Паяев 1980 жылы 29 ақпанда туған. Заң және экономикалық білімі бар. Тергеуші-криминалист мамандығы бойынша Қазақ гуманитарлық-заң университетінің заң факультетін, сондай-ақ халықаралық экономист мамандығы бойынша «Қайнар» университетінің әлемдік экономика факультетін бітірген.
2021 жылдың қаңтарынан бастап VІІ сайланған Мәжіліс депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі, «Қазақстан халық партиясының» партиялық тізімі бойынша сайланған.