Ол апат жасағаннан кейін оқиға орнынан жасырынуға тырысқан
Ақмола облысында көлік тасымалдайтын КамАЗ аударылды деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, жол апаты 21 қазан күні «Екатеринбург – Алматы» автожолында болған. 6 автокөлікті тасымалдаған Mercedes Actros жүргізушісі рульді басқара алмай, көліктің аударылуына жол берген.
Сондай-ақ жол-көлік оқиғасы кезінде жүргізуші жеңіл дәрежеде мас күйде болғаны анықталды. Ол апат жасағаннан кейін оқиға орнынан жасырынуға тырысқан. Апат салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, тек машиналарға механикалық зақым түскен. Материалдық залал нақтыланатын болады.
33 жастағы жүргізушіге қатысты көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ ол апат орнын қалдырғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 611-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Материалдар сотқа жіберілді.