Halyq Uni логотип
×

Маңғыстауда мұнайшылар мерекеге орай сыйақы беруді талап етіп отыр

Жұмысшар видеоүндеу жариялады

 Динара Амантай 24.10.2022 | 11:48
Маңғыстауда мұнайшылар мерекеге орай сыйақы беруді талап етіп отыр
Фото: видеодан скриншот

Маңғыстауда «Ақтаукрантехсервис» ЖШС-ның жұмысшылары Республика күніне орай өздеріне сыйақы беруді талап етті деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Ақтаукрантехсервис» ЖШС-ның Жетібай және Қаламқас кен орындарындағы мұнайшылар 25 қазан күні аталып өтетін Республика күніне орай ақшалай төлемдерді беруді талап етіп, видеоүндеу жариялады.

Осы ұлттық мереке қарсаңында мұнай саласында қызмет жасайтын барлық мекемелер ұлттық мерекенің мерейін көтеру мақсатында жұмысшыларға 50 АЕК мөлшерінде сыйақы берді. Маңғыстау өңірінде мұнай саласында еңбек етіп жатқан біздің алмауымыз әділетсіздік деп есептейміз. Өйткені, «Қазмұнайгаз» және «Маңғыстаумұнайгаз» мекемелері өз қызеткерлеріне не берілсе, сол салада қызмет етіп жүрген біз де сондай жағдайға тиісті болуымыз міндетті, – делінген үндеуде.

Еске сала кетсек, бұған дейін «Қарақұдықмұнай» ЖШС-нің қызметкерлері ереуілге шығып, үндеу жариялаған болатын. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама