Абай облысында орман өртеніп, 23 адам эвакуацияланды
Өрттің ауданы 35 гектарды құрады
Абай облысында Озерки ауылдық округінде орман өртеніп, 23 адам эвакуацияланды деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 22 қазан күні сағат 20:00-де «Семей орманы» кезекші диспетчері «101» пультіне құрғақ шөп, бұталар жанып жатқаны туралы хабарлама түсірген.
Оқиға орнына келген азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері ақпаратты растады. Ертіс орманшылығының ашық аумағында 30 гектар құрғақ шөп жанып жатты.
Каштак орманшылығынан 23 адам, оның ішінде 5 бала Каштак ауылына эвакуацияланды.
Өрт 23 қазан таңғы сағат 05:20-да оқшауланды.
Абай облысы ТЖД-дан орман өртін сөндіруге 32 қызметкер мен 8 техника, «Семей орманы» резерватынан 40 адам және 15 техника, Семей қаласы мен Озерки ауылдық округінен 13 адам және 5 техника, сондай-ақ, бір полицей мен автокөлік жұмылдырылды.
Өрттің ауданы 35 гектарды құрады, оның ішінде шамамен 5 гектары - орман.
Дала өртін сөндіру үшін Каштак, Талица, Ертіс орманшылығынан 17 қызметкер, 4 техника жұмыс істеп жатыр.
Өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.