Ақтөбеде жасөспірім өзінен екі жас үлкен жігітті пышақтап тастады

Еркеғали Болатұлы

Оқиға кеше сауда орталығының 2-қабатында болған

фото: дереккөз

Ақтөбедегі «Keruen City» сауда орталығында 17 жастағы жасөспірім 19 жастағы жігіттің мойнына екі рет пышақ сұғып алған.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға кеше сауда орталығының 2-қабатында болған. Зардап шеккен ер адам жедел медициналық көмек көрсету ауруханасына жеткізілді.

Осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 22-99-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, – делінген хабарламада.