×

Елорда мешіттерінде ұрлық жасап жүрген күдікті ұсталды (ВИДЕО)

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр

 Еркеғали Болатұлы 23.10.2022 | 10:14
фото: видеодан скриншот

Полицияға қала тұрғыны намаз оқып жатқан кезде ұялы телефонының ұрланғанын айтып, шағым түсірген. Ол смартфонын бір бөлмеге қуаттау үшін қойған екен. Полицейлер бейнебақылау камерасын қарап, күдіктіні анықтады.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Қостанай облысының 27 жастағы тұрғыны ұсталды.

Күдікті 150 мың теңгелік телефонды алыпсатарларға сатып үлгерген. Полицейлер оның мешіттегі тағы екі ұрлық ісіне қатысы барын анықтады, - деп хабарлады Астана қалалық ПД баспасөз қызметі.

Ер адам кінәсін мойындап, ұрлық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті қазір уақытша ұстау изоляторында жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама