×

Экс-министр Мұрат Бектановқа қатысты іс Астана сотына түсті

Қылмыстық кодекстің 452-бабы бойынша соталды тергеп-тексеру басталған болатын

 Еркеғали Болатұлы 23.10.2022 | 09:46
коллаж: tv7.kz

Бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектановқа қатысты қылмыстық іс әскери сотқа жолданды деп хабарлады Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының баспасөз қызметі.

Бұл ретте ведомство өкілдері «Бұл іс бойынша басқа мәлімет жарияланбайды», - деп хабарламаны қысқа қайырды.

Еске сала кетсек, биыл 19 ақпанда Бас прокуратура бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектановқа қызметіндегі әрекетсіздік дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 452-бабы бойынша соталды тергеп-тексеруді бастаған болатын.

Ал Бектанов 20 ақпанда ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама