Қиын жағдай туындауы мүмкін
Елордалық полицейлер жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді сақ болуға шақырады деп хабарлады Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге ауа райының нашарлауына байланысты жолдарда қиын жағдай туындауы мүмкін екенін ескертеміз. Көлік құралын басқару күрделене түседі, яғни апат ықтималдығы артады.
Қала жолдарында және жекелеген учаскелерінде, атап айтқанда жол өткелдерінде, айналма жолда көру мүмкіндігінің шектелетінін ескеру қажет, көктайғақ болуы мүмкін. Астана-Щучинск бағыты бойынша тасжол ауа райына байланысты жабылатынын хабарлаймыз. Құрметті жүргізушілер, жол ережесін сақтаңыздар, жолда өте мұқият және сақ болыңыздар. Жылдамдық режимін, қашықтықты сақтап, жол белгілерінің талаптарын орындау қажет. Жаяу жүргіншілер жолдан өту кезінде ылғалды және тайғақ жолда көліктің тежегіш мүмкіндігі аз болатынын ескеруі қажет», - делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, кеше 22:30-дан бастап Ақмола облысында – 6, СҚО-да 3 жол учаскесі жабылған болатын.