Парсы шығанағының футболшылары ұлттық құраманы жарыстан аластатуды өтінген
Украина ақпарат құралдарының хабарлауынша, Иран Қатарда футболдан өтетін әлем чемпионатына қатыспайтын болса, Украина оның орнын алмастыруы мүмкін.
Sport.ua порталының мәліметіне қарағанда, Иран футболшылары мен спорттық шенеуніктері Халықаралық футбол федерациясына (FIFA) хат жазып, өз елдерінің құрама командасын әлем чемпионатынан аластатуды өтінген. Сайт ирандық журналист, белсенді Масих Алинеджадтың таратқан хабарларын негізге алған. Оның айтуынша, бір топ ирандық футболшы ФИФА-дан өз елінің ұлттық құрамасын Қатарда өтетін әлем чемпионатынан шығаруды талап етті.
Жолдаған хатта: «Иран билігінің өз халқына деген мейірімсіздігі, елде ФИФА кодексінің бұзылуы, әйелдердің стадиондарға кіруіне тыйым салынғаны, жүйелер тарапынан бірнеше ойыншының қысымға ұшырап жатқанына байланысты бұл жағдай ұлттық құраманы әлем чемпионатынан шығаруға негіз болады», – делінген.
Бұған қоса, ирандық футболшылар Иранның ФИФА мүшелігінен шеттетілуі керек деген. Егер Иран әлем чемпиоантына қатысатын болса, осы елдің ұлттық құрамасы топтық кезеңде Англия, Уэльс және АҚШ елдерімен күш сынасады.