«Бәрі әлеуметтік популизм, құр айқай-шу» - депутат оппозицияны сынға алды
Соңғы 20 жылда оппозицияның қатары да жасармаған
Қазақстандағы оппозицияның қателігі неде? «Сұрауы бар» Youtube арнасына сұхбат берген Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев мұның себебін түсіндіргендей болды. Айтуынша, Қазақстандағы оппозиция бос әлеуметтік популизммен ғана айналысуға ғана әуес.
Біріншіден, оппозициялық топ деген кімдер? Олар – билікке таласушылар. Кандидат ұсынылмады дегенмен келіспеймін. Қазіргі «Ауыл» партиясы, «Социал демократиялық партиясы» да оппозиция. Сондықтан саяси партиялар өз кандидаттарын ұсынды. Ертең додаға түседі, - дейді депутат.
Оның үстіне соңғы 20 жылда оппозицияның қатары да жасармаған. Себебі «көнекөздер» билікке өздері ғана таласуды қалайды. Міне, сондықтан олар жас толқынды дайындауға құлықсыз.
Сол, оппозиция деген – Болат Әбілов, Жармахан Тұяқбаев, олардың қасында жүрген азаматтар, Ермұрат Бапи, Рысбек Сәрсенбаев деген сияқтылар. Жастардан бір өкіл бар – Жанболат Мамай. Неге олар жаңа адамды қастарына тартуға өздері мүдделі емес? Бір уақытта Тоқтар Әубәкіровтің өзін қатарларына алды да, бірақ ол кісі бәрі әлеметтік популизм, құр айқай-шудың жетістікке апармайтынын түсінді. Оппозицияға саяси мектебін жасауы керек, - дейді Елнұр Бейсенбаев.
Дегенмен оппозицияның өз уәжі бар. «Бізді 30 жылда саяси алаңнан күштеп аластарып жіберді» деседі олар. Мысалы, Қаңтар оқиғасынан кейін Жанболат Мамай да қамауда отыр.
Жанболат Мамайдың түрмеде отырғаннан гөрі оппозициялық топта болып, біз онымен саяси дискуссияларда мәселелерді талқылағанымыз әлдеқайда тиімді еді. Онымен талай шайқастық қой. Дебатқа шақырып едім, «Елнұр менің деңгейім емес» деп сәлемін жолдапты.
Мейлі. Деңгейін енді тапты ғой. Тек қана әлеуметтік желіде пікір алмастық. Саяси плюрализм деген осы ғой. Әдемі емес пе?! Менің айтарым, оппозициялық күштер, жас толқынды дайындауға даярланыңыздар», - деді мәжілісмен.