Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 294-бабы 1-бөлігімен («Тағылық») сотқа дейінгі тергеу басталды
Өскеменде полицейлер зиратты қиратқан күдіктілерді ұстады деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Биыл 30 тамызда қаладағы полиция басқармасына зираттағы вандализм дерегі бойынша шағым түскен. Белгісіз адамдар Аблакетка ауданындағы зиратты қиратқан. Келтірілген шығын көлемі – шамамен 100 мың теңге.
Тергеу барысында полиция қызметкерлері 23-30 жастағы екі ер адамды ұстады. Олар бұрын зират аумағына келіп жүрген. Ұсталғандар қылмысқа қатысы барын мойындады, - деп жазылған хабарламада.
Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 294-бабы 1-бөлігімен («Тағылық») сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл заңбұзушылық бойынша 160 АЕК (508 мың 800 теңге, 1 АЕК – 3180 теңге) мөлшерінде айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 160 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту не 40 тәулікке дейін қамаққа алу жазасы қарастырылған.