СҚО-да балаларына алимент төлемей жүрген 68 адам уақытша қамауға алынды
Жалпы берешек 200 миллион теңгеге жуықтайды
«Бұл – мәселені шешудің бір жолы» дейді мамандар. Себебі өңірде балаларына алимент төлемей жүрген 126 жауапсыз азамат бар. Олардың жалпы берешегі 200 миллион теңгеге жуықтайды.
Қазір құқық қорғау органдары қарызды өндірудің оңтайлы жолдарын қарастырып жатыр. Прокурорлардың айтуынша, бұл тұрғыда сот орындаушылар сылбырлық танытып отырған көрінеді. Сол үшін оларға сөгіс те жарияланған.
Алимент төлеушілердің саны – 6 986 адам. Оның 126-сы қасақана төлемей жүр. Полиция мен сот орындаушыларының арасында әрекеттесу болмағандықтан біз қылмыстық істерді тергеу бойынша әдістемені дайындадық. Сол әдістемені полицияға және сот орындаушыларына жібереміз, - деді СҚО прокурорының бірінші орынбасары Әбу-Әли Саттар.