Halyq Uni логотип
×

Президенттікке үміткерлердің үгіт-насихат кезеңі басталды

Бақыт Жаңабаев пен Нұржан Әлтаевқа қатысты шешім кеше қабылданды

 Еркеғали Болатұлы 22.10.2022 | 09:52
Президенттікке үміткерлердің үгіт-насихат кезеңі басталды
коллаж: Halyq Uni

Кезектен тыс өтетін президент сайлауында 6 кандидат бақ сынайды. Орталық сайлау комиссиясы үміткеркелердің есімін айтып, үгіт-насихат жұмысына рұқсат берді.

Үміткер ретінде Қасым-Жомарт Тоқаев, Мейрам Қажыкен, Қарақат Әбден, Жигули Дайрабаев, Нұрлан Әуесбаев, Салтанат Тұрсынбекова тіркелді.

Негізі 23 қыркүйек пен 21 қазан аралығында республикалық қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялар 12 адамды Орталық сайлау комиссиясына үміткер ретінде ұсынған болатын. Талапқа сай болмағандары кандидат ретінде тіркелмеді. Бақыт Жаңабаев пен Нұржан Әлтаевқа қатысты шешім кеше қабылданды. Алғашқысы тиісті қолдауға қатысты қол жинай алмаса, соңғысының ұсынған құжаты дұрыс болмай шықты.

«Мұқалмас» республикалық қоғамдық бірлестігінің жоғары органының 2022 жылғы 6 қазандағы №19 ҚР президенттігіне кандидат ретінде Нұржан Әлтаевты ұсыну туралы хаттамасы Астана қаласы Байқоңыр аудандық сотының 2022 жылғы 17 қазандағы шешімі бойынша жарамсыз деп танылуына байланысты Орталық сайлау комиссиясында ҚР президенттігіне кандидат ұсыну туралы қолданыстағы құжаты жоқ деп танылады. Сол себептен Орталық сайлау комиссиясы мүшелерінің қарауына тіркеуден бас тарту туралы тиісті хаттама мен қаулы жобасы дайындалып, ұсынылды», - деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама