Halyq Uni логотип
×

Қазақстан мен Ресейдің Сыртқы істер министрлері алдағы жоспарларын талқылады

Ведомство басшылары телефонмен сөйлесті

 Дастан Жұмабекұлы 21.10.2022 | 18:07
Қазақстан мен Ресейдің Сыртқы істер министрлері алдағы жоспарларын талқылады
фото: ашық дереккөз

Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен телефонмен сөйлесті.

Ресей Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, сыртқы істер министрлігінің басшылары Астанада өткен Ресей мен Қазақстан президенттері қатысқан халықаралық іс-шаралардың қорытындысын шығарды.

Ведомствоның сайтында сондай-ақ, осы кездесулердегі уағдаластықтарды іске асыру бойынша алдағы қадамдар жоспарланғанын хабарлады.

Сонымен бірге министрлер ҰҚШҰ аясындағы алдағы іс-шараларға дайындық мәселелерін талқылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама