Halyq Uni логотип
×

Педофилдерді өлім жазасына кесетін заң жобасын әзірленді

Былтыр Қырғызстанда бала зорлығына қатысты 3034 оқиға болған

 Дастан Жұмабекұлы 21.10.2022 | 17:35
Педофилдерді өлім жазасына кесетін заң жобасын әзірленді
фото: ашық дереккөз

Жогорку кеңештің бір топ депутаты бала зорлығы үшін өлім жазасын кесуді көздейтін заң жобасын әзірледі.

Бұл құжат Қырғызстан Парламентінің сайтында жарияланып, қоғам талқысына шығарылды.

Заң жобасын дайындаған депутаттар Қырғызстанда соңғы жылдары балаға зорлық-зомбылық көрсететін оқиғалардың жиілеп кеткенін жазған.

Балалардың өміріне қауіп төндіретін адамдарға қатаң жаза қолданбай, балаларды қорғау мүмкін емес. Соңғы жылдары балаларды зорлау оқиғасы көбейіп кетті. Сол себептен Конституцияға өлім жазасын енгізетін өзгеріс енгізуіміз керек, -  делінген құжатта.

Биыл тамыз айында Қырғызстанда бала зорлығы үшін қылмыстық жазаны күшейтетін заң күшіне енді. Атап айтқанда, оларға рақымшылық жүрмейді. Мерзімінен бұрын бостандыққа шығарылмайды.

Қырғызстан ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, соңғы жеті айда бала зорлығына қатысты 39 қылмыстық іс қаралған. Былтыр бала зорлық-зомбылығына қатысты 3034 оқиға болған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама