Қазір олар депозиттің мөлшерлемесін көтереміз деген әдіске көшкен
Елде алаяқтықтың тағы бір түрі шықты. Алаяқ өзін банк қызметкерімін деп таныстырып, теңгемен ашылған депозиттердің мөлшерлемесін 1,5 пайызға, ал доллармен салынған ақшаны 0,5 пайызға көтеруге болатынын айтады.
Содан кейін банктің бөлімшесіне шақырады. Бірақ біраз уақыттан кейін «банктің бас маман» хабарласып, депозит мөлшерлемесін көтеру бойынша өтінімді тіркеу керектігін ескертеді. Ол үшін телефонға келген банк кодын айтуды сұрайды.
Stopfake.kz сайтының хабарлауынша, осындай алаяқтық жасаған бір адам Forte банктің атынан қоңырау шалған.
Бүгінде алаяқтар банк қызметкерлері ретінде жиі хабарласа бастады. Бұрын олар «біреу сіздің атыңыздан кредит алып жатыр» деп қорқытса, қазір депозиттің мөлшерлемесін көтереміз деген әдіске көшкен.