Halyq Uni логотип
×

2,4 млн теңге қарызы бар азамат «Алматы-Астана» пойызынан түсірілді

Полицейлер борышкерді Шу қаласындағы станцияда ұстаған

 Динара Амантай 21.10.2022 | 17:06
2,4 млн теңге қарызы бар азамат «Алматы-Астана» пойызынан түсірілді
Фото: Halyq Uni

Шығыс Қазақстан облысында 2,4 млн теңге қарызы бар азамат пойыздан түсірілді деп хабарлады Halyq uni тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары 2,4 млн теңгеден аса қарызы бар ер адамды «Алматы-Астана» пойызынан түсіріп алған. Ол бизнес серіктесінен 2 жыл бұрын қарыз алып, қысқа уақыт ішінде қайтарып беретіндігі жайлы қолхат жазып берген. Бірақ осы уақытқа дейін ақшаны қайтармаған.

Өскемен қалалық полиция басқармасына жеке сот орындаушысынан 33 жастағы азаматтан 2 миллион теңгеден аса қарызды өндіріп алу туралы қаулы келіп түскен. Іздестіру іс-шаралары барысында көші-қон қызметінің мамандары борышкердің орналасқан жерін анықтады. Ол Алматыдан елордаға бара жатқан пойызда болған, - делінген хабарламада.

Полицейлер борышкерді Шу қаласындағы станцияда ұстаған. Енді қарызды өндіріп алумен сот орындаушылары айналысатын болады.

Жалпы, жыл басынан бері полиция департаменті 70-тен аса борышкерді анықтаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама