Қостанайда пәтердің ваннасынан жылан шықты (ВИДЕО)
Ұзындығы 20-25 сантиметр болады
Полицейлер Қостанай тұрғынының ваннасынан жылан алып шықты деп хабарлады Polisia.kz.
Үйдегі ваннаның ішінен ұзындығы 20-25 сантиметр болатын жыланды таптық. Оның қайдан пайда болғанын біз қазір анықтап жатырмыз, – деді учаскелік полицей Асқар Ментаев.
Кейін мамандар ұсталған жәндіктің кәдімгі су жыланы екенін айтты. Полицейлер оны қаладан алып шығып, табиғи ортаға шығарды.
Жалпы, қазан-қараша айларында су жыландары әртүрлі шұңқырлар мен саңылауларға еніп қыстайды. Соған қарағанда, мына жыланды қалада біреу асырағанға ұқсайды.