×

Семейде қарызға батқан зауыт директорының кабинетінде жасырын демалыс бөлмелері бар (ВИДЕО)

Жұмысшыларына да 84 миллион теңге берешек

 Еркеғали Болатұлы 21.10.2022 | 15:36
фото: видеодан скриншот

«Семей машина жасау зауыты» директорының әлеуметтік желіге видеосы тарап кеткен жұмыс бөлмесі қазір қатты талқыланып жатыр.

Видеодан тым қымбат жиһаздар қойылған, бірнеше жасырын демалыс бөлмесі бар бастықтың кабинетін көуге олады. Антикор мамандарының айтуынша, ол бейнежазбаны «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясының маманы түсіріп алған көрінеді.

Ал «Семей машина жасау зауытының» өзі 2015 жылдан бері 1,9 миллиард теңге шығынға батып, кредиторлық қарызы 3 миллиард теңгеден асып кеткен. Соңғы 4 айда жұмысшыларының жалақысы да кешіктіріліп, басшылық оларға 84 миллион теңге берешек болып қалған.

Енді 25 қазаннан бастап кәсіпорында аудиттік тексеру жүргізілгелі жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама