Тағы екі адам ауруханаға жеткізілді
Атырауда бүгін жас жігіттердің арасында атыс болып, 21 жастағы жергілікті тұрғын қаза тапты деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 4:14 шамасында Атырау қалалық полиция бөлімінің 102 операторына облыстық ауруханадан кеудесіне оқ тиген 21 жастағы ер адамның мәйіті жеткізілгені туралы хабарланған.
Сондай-ақ оқтың бытырасы тиген 18 және 17 жастағы екі адам облыстық ауруханаға жеткізілген.
Тергеп-тексеру нәтижесінде Атырау-2 мөлтек ауданында бір топ жігіт арасында өзара келіспеушілік болғаны анықталды. Қақтығысқа қатыстқан барлық азаматтар анықталып, ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201 бабына сәйкес жариялауға жатпайды.