Halyq Uni логотип
×

ШҚО-да шетелдіктердің келгені туралы хабарламаған 100-ден аса адам айыппұл арқалады

Мысалы, бір кәсіпкерге 70 АЕК-ке хаттама толтырылды

 Динара Амантай 21.10.2022 | 10:37
ШҚО-да шетелдіктердің келгені туралы хабарламаған 100-ден аса адам айыппұл арқалады
Фото: Halyq Uni

Шығыс Қазақстан облысында шетелдік азаматтардың келгені туралы хабарламаған 100-ден аса азаматқа айыппұл салынды деп хабарлады Halyq Uni тілшісі, Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, «Заңсыз келуші» операциясы кезінде полицейлер транзиттік көлік, коммуналдық қызметтер, жатақханалар мен құрылыстарды бақылаған.

Жедел-профилактикалық іс-шараның шеңберінде тәртіп сақшылары уақытша және тұрақты тұратын шетел азаматтарын тіркеу мекенжайларын, сондай-ақ қабылдаушы тұлғалардың оларда шетелден қонақтардың келгені туралы хабарламаларының болуын тексерді.

Айта кетсек, жедел-профилактикалық іс-шарасының бір аптасында полицияға хабарламағаны үшін шетелдіктерді қабылдайтын 100-ден аса шығысқазақстандық жауапқа тартылды. Солардың бірі Алтай ауданының кәсіпкері болды.

Алтай ауданындағы ЖШС басшысы аудан аумағына биылғы қазан айының басында шетелдік азаматтың келгені туралы хабарламаған. ЖШС-ге қатысты полиция органдарына шетелдіктің келгені туралы уақтылы хабарламағаны үшін 70 АЕК (222 600 теңге) айыппұл түрінде ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылған, – деді ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Ринат Шкибаев.

ШҚО ПД Көші-қон қызметі қабылданатын жеке және заңды тұлғалардың 3 күн ішінде көші-қон қызметіне шетелдіктердің келуі туралы хабарлау қажет екенін ескертеді. Ол үшін келу орны бойынша көші-қон қызметі бөлімшесіне жүгіну немесе визалық-көші-қон порталының қызметтерін пайдалану қажет (vmp.gov.kz) немесе eQonag ақпараттық жүйесі.

«Заңсыз келуші « ЖПІШ ШҚО-да 10-17 қазан аралығында өткізілді.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама