ҚФФ Ұлттар лигасында құрама команданың қанша сыйақы тапқанын жариялады
Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құрама команданың Ұлттар лигасындағы матчтарынан қанша еуро сыйақы тапқанын жариялады.
Ұлттық құрама команданың Ұлттар лигасына қатысқаны үшін берілетін сыйақылар ҚФФ бюджетіне түскен.
Қазақстан футбол федерациясы УЕФА-мен келісімшарты бойынша Ұлттар лигасына қатысқаны үшін 1,125 млн еуро алды. Ол ақшалар құрамамыздың дайындығына кетті, - делінген ҚФФ таратқан мәлімдемеде.
Ал Ұлттар лигасында жақсы ойын өрнегін көрсеткені үшін құрама команда әлі қосымша сыйақы алмаған. Сондықтан федерация енді УЕФА-дан нақты қанша ақша алатынын айтпады.
Магомед Адиевтің бастамасымен Қазақстан құрамасы С дивизионында жеңіске жетіп, В дивизионына көтерілді.